Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Алматы марафоны» туралы деректі фильм жарыққа шықты

«Алматы марафоны» туралы деректі фильм жарыққа шықты

«Алматы марафоны» туралы деректі фильм жарыққа шықты. Туынды «Бәріңіз қайда жүгіріп барасыздар?» деп аталады. Дәстүрге айналған ауқымды жарыс қала тұрғындарының бұқаралық спортқа деген көзқарасын өзгерткен. Ең алғашқы марафон 2012 жылы өткізілген. Содан бері оған қатысушылардың саны артты. «Алматы марафоны» қазір ірі халықаралық жарысқа айналды. Жыл сайын оған қатысуға әлемнің жүздеген елінен кәсіби және әуесқой желаяқтар келеді. Алғашқы марафон 2500 адамды жинады. Он жыл ішінде жүгіруге ниет еткендердің саны 15 мыңнан асты.
Деректі фильмде жүгірумен шұғылдана бастаған қарапайым жандар сөйлейді. Фильм тек спортпен шұғылдану жайында ғана емес. Адам тағдыры, арманы мен мақсаты, жүгіру арқылы өмірлік бір жетістіке жетудің мысалдары келтіріледі. Режиссёрлері – Қанат Бейсекеев пен  Мақсат Әбітаев.
Фильмде Алматы марафонын ұйымдастыру, жарысты өткізу, қауіпсіздік, қаладағы спорттық инфрақұрылымның дамуы қамтылған.