Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Стамбұлда «Қанышнаме» кітабы жарыққа шықты.

Стамбұлда «Қанышнаме» кітабы жарыққа шықты.

Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай, Ыстанбұл қаласында «Қанышнаме» кітабы таныстырылды. Белгілі айтыс ақыны Аспанбек Шұғатайдың бұл еңбегінде ғалымның өмір жолы мен қазақ ғылымын дамытудағы ерен еңбегі поэма түрінде өрнектелген. Кітапта ғалым өмірінің әр түрлі кезеңдері суреттермен берілген.
Ал кітаптың өзі академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне алтын құймасы формасында әзірленген.
"Қаныш атам өзі әлемнің Пекин деген қаласында, Лондон, Париж небір әлемнің мықты қалалырнда болған екен. Бірақ Стамбул қаласында болмаған екен. Қаныш атамды бүгін Түркияға алып келіп отырған жайым бар. Мен келдім Керекудің қаласынан Бүкіл әлем қосылар дәл осыған Мен үшін қазақтардың бәрі Қаныш Мен үшін түріктердің бәрі Осман - деп Қаныш атамыздың кітабын алып келген жайымыз бар"- деп атап өтті «Қанышнаме» кітабының авторы Аспанбек Шұғатай.