Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

"La Bella Principessa" жұмбаққа толы картинасы Астанадағы көрмеге қойылды.

Аты Әлемге әйлігі суретші Леонардо да Винчидің таңғажайып туындысының бірі Астанадағы көрмеге қойылды. Қала тұрғындары мен қонақтары италиялық қылқалам шеберінің жұмбаққа толы картинасын шаһардағы Ұлттық музейден көре алады. La Bella Principessa– италиян тілінен аударғанда «әдемі ханшайым» дегенді білдіреді. Мұнда ақсүйек әулетінен шыққан қыздың портреті бейнеленген. Қылқалам шеберлері суретшінің бұл туындысын «жұмбаққа толы картина» деп атайды. Көрменің ашылу салтанатында қызыл лентаны Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, Италияның Қазақстандағы елшісі, Италия мәдениеті институтының және «Скрипта Манинт» компаниясының директорлары, сондай-ақ 2 демеуші мекеменің басшылары қиды.
Көрме – Қазақстан мен Италия ынтымақтастығын нығайтудың тағы бір мүмкіндігі. Алдағы 2 ай бойы қала тұрғындарымен қонақтары Ұлттық музейдегі ерекше туындыны тамашалай алады.