Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Қазақквартет» маусымды қорытындылады.

«Қазақквартет» маусымды қорытындылады.

Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті биылғы маусымның қорытынды концертін берді.
Әсем ән, күміс күй төгілген кеш Астана Опера сахнасында өтті. Өнерпаздар әлемдік музыка мэтрлары Гайдн, Мендельсон, Шостаковичтің шығармаларынан тарту жасады. Бұдан бөлек, төл қазынамыз Құрманғазының «Төремұрат» күйін жаңаша өңдеп, патша көңіл көрерменге ұсынды. Айта кетейік, квартет 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің шәкірттерінен құрылған болатын. Жылдармен бірге жасасып, толысып келе жатқан дарынды ұжым бүгінде дүйім елге танымал.