Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Оян қазақ» телехикаясы шетелдік кинотанушыларды таңқалдырды

«Оян қазақ» телехикаясы шетелдік кинотанушыларды таңқалдырды

«Оян қазақ» телехикаясы Қазақтан ғана емес, шетелдік кинотанушыларды да таң қалдырған феномен болды. Бұл белгілі кинотанушы америкалық профессор Питер Роллбергтің пікірі. Джордж Вашингтон университетінің Орталық Азия бағдарламасы арнайы онлайн конференция өткізді. Мамандар киноның көрерменді баулап алу себебіне үңілді.
«Оян қазақ, телевизиядағы Қазақстан тарихы» . Осындай тақырыппен өктен жиынға кинотанушылар мен қатар Орта Азияны оның ішінде Қазақстанды зерттеп жүрген ғалымдар да қатысты. Қазақ киносының жүз жылдық тарихын саралап, кітап жазған Питер Роллберг «Ахмет. Ұлт ұзтазы» мен «Міржақып, Оян Қазақ» туындыларының көрерменге айрықша әсер етуінің басты себебі, шынайы оқиға, тарихи фактілерге негізделуі дейді. Кинотанушының айтуынша, режиссер Мұрат Есжан бастаған шығармашылық топ деректерді өте тыянақты зерттеп сахналай алды. Яғни, большевиктік режимге балама ретінде көзі ашық, лайықты тұлғалардың болғанын шебер көрсете білуі көрерменді бей-жай қалдырмады.