«Ойжұмбақ» кейіпкерлері қазақша сөйлейді

Disney-дің тағы бір анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылды. Еліміздің барлық кинотеатрында «Ойжұмбақ» туысындысы көрсетіле бастады. Балаларға арналған базарлықтың басты кейіпкерлерін Санжар Мәдиев, Рүстем Жаныаманов, Луина сынды актер-әншілер дыбыстаған. Мұнда қазақ тілінің қолданыс аясын, әсіресе, балалар арасында сирек қолданылатын төл лексиканы орнықтыруға жол ашатын мысалдар көп. Disney жəне Pixar студияларының мультфильмін киностудия өз қаржысына аударған. Бұған дейін олар мемлекеттік тапсырыспен немесе жеке қаражат есебінен дубляждалған.
Киностудия биыл Disney-дің «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударып жатыр. Жалпы, Disney жыл сайын əр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Қазақ тіліне 2011 жылдан бері аударылып келеді.