Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Таңғалдырған «Тұрандот»

Таңғалдырған «Тұрандот»

Тұрандот ханшайымның жұмбағын шешуге асық көрермен үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев пен италиялық режиссер Давиде Ливермор тандеміндегі классикалық туынды тамаша тарту болды.
Джакомо Пуччинидің «Тұрандоты» жай ғана опера емес, бұл – бүкіләлемдік музыка мәдениетінің нағыз жауһары. Ол өзіне сюжеттің драмалық тереңдігін, жарқын әрі есте қаларлық музыкалық тақырыптар мен қуатты вокалдық партияларды біріктіреді.
Аталмыш Қойылымға халықаралық деңгейдегі шақырылған солистер қатысты.
Операның финалы да тың ше­шімдерімен таңғалдырды. Ал­тын түстес реңктерге боялған ғажайып әлем көрерменіне бейнебір ертегілер елінде жүргендей әсер сыйлады. Ал Тұрандот Калафқа өзінің жүрегін ашқанда сахнаға сәуле шашылып, бір сәтте айнала жарқырап кетті. Осылайша, сценографтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов спектакльді шын мәнінде қызықты әрі қайталанбастай етіп, «Тұрандотты» өткізіп алуға болмайтын бірегей театрлық оқиғаға айналдырды