Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне 90 жыл толды!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестріне 90 жыл толды!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі – Қазақстандағы аспаптық музыка өнері тарихындағы алғашқы кәсіби және бірегей оркестр. Ұжым бүкіл әлемге қазақтың мәдениетін, көркем өнерін, теңдесі жоқ дала сазы мен ерекше аспаптарын таныстырып келеді.
Оркестрді 1934 жылы Ахмет Жұбанов құрған. Әр жылдары ұжымды дарынды музыканттар - Шамғон Қажығалиев пен Нұрғиса Тілендиев және тағы басқа тұлғалар басқарды. Олар Жұбановтың ісін жалғастырып қана қоймай, репертуардың баюына өз үлесін қосты.
1944 жылы оркестрге қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының есімі берілді. Мерейтойға орай Қазақстанда да, шетелде де бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр. Музыкалық ұжым Түрікменстанға барып, Ашхабад көрермендерінің алдында өнер көрсетіп, оларға қазақ халық музыкасының мол мұрасымен таныстырады.
Мерейтойлық тур аясында оркестр Қарағанды мен Қостанайда жарқын әрі есте қаларлық шығармаларын тарту етеді.
Мерекенің қорытынды кешінде қазақ музыкасының классикалық туындылары мен жаңа композициялар орындалатын гала-концерт өтеді.