Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Атырауда Ұлттық домбыра күнінде бір мезетте 1000 оқушы күй тартады

Атырауда Ұлттық домбыра күнінде бір мезетте 1000 оқушы күй тартады

Атырауда Ұлттық домбыра күнінде мың оқушы күй тартпақ. Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, 7 шілде күні Исатай-Махамбет орталық алаңында «Шанақтан шарықтаған шартарапқа» мәдени іс-шарасы өтеді.
Аталмыш концерттік бағдарламада 1 000 оқушы домбыра шертеді. Айта кетейік, өнерпаздардың бәрі домбыра үйірмесіне қатысады.
Орталық алаңда сондай-ақ күй өнері саңлақтарының есімі берілген жергілікті екі оркестр өнер көрсетеді. Оның бірі – күйші, композитор, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың атымен аталатын академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі. Ал, екіншісі – Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның құрамындағы «Нарын» халық аспаптары оркестрі. Аталған өнер ұжымына күйші, композитор Қаршыға Ахмедияровтың есімі берілген.