Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Еліміздің театрларында маусым соңындағы сектакль қойылымдары өтіп жатыр

Еліміздің театрларында маусым соңындағы сектакль қойылымдары өтіп жатыр

Қазақстандық театрлар 2024 жылғы театр маусымын бірқатар премьералармен және танымал қойылымдармен қорытындылайды.
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының 11-ші маусымы 13 шілдеде қорытындыланбақ. Онда «Еркін мерген» операсының премьерасы сахналанады.
Сонымен қатар, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры 33-ші маусымын 14 шілдеде «Қарагөз» спектаклінің премьерасымен аяқтайды.
Ал 31 шілдеде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 78-ші маусымын «Ұлпан» спектаклінің премьерасымен жабады.
Айта кетейік, көптеген премьералар мен көрермен көңілінен шыққан қойылымдар елдегі театр өнерінің жоғары деңгейін айшықтап және келесі маусымда жаңа, жан тебірентер қойылымдардың сахналануына сеп болады.