Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Опера классикасының желісімен» концерті Астана Опера сахнасында

«Опера классикасының желісімен» концерті Астана Опера сахнасында

Astana Opera халықаралық опера академиясы опера музыкасын ұнататын тыңдармандарды  бірнеше ұмытылмас концерттермен қуантуға дайындалуда. Бұл шаралар жас орындаушылардың дарындарын паш етіп қана қоймайды, сондай-ақ академия ұсынатын жоғары дайындық деңгейінің көрсеткіші болады.
Сонымен, 3 шілдеде К. Байсейітова атындағы Камералық залда «Опера классикасының желісімен»  концерті өтеді. Бұл кеш тыңдармандарға әлемдік операның ұлы туындылары арқылы музыкалық саяхат жасауды ұсынады. Концерт бағдарламасы опералық ариялар, дуэттер мен ансамбльдердің кең шоғырын қамтиды. Оларды орындауға дайындалу барысында әртістермен танымал отандық ұстаздар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина және концертмейстерлер Дина Мирманова, Жанар Ахметова жұмыс істеді.