Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық делегация жаһандық жастар фестиваліне қатысты

Қазақстандық делегация жаһандық жастар фестиваліне қатысты

Өзбекстанда Жаһандық жастар фестивалі өтті. Халықаралық кездесуде 150 елден 1000-ға жуық жас ғалым, өнер, креативті индустрия және экология саласының өкілдері, кәсіпкерлер жиналды.
«Жаһандық жастар фестивалі ынтымақтастығымызды дамытуда және елдеріміздің жастары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда маңызды кезең саналады. Бұл бейбітшілікті, тұрақтылықты пен орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеуге арналған бірегей алаң», - деп атап өтті фестивальдің ашылуында ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов.
Фестиваль Өзбекстанның Бұхара, Самарқанд, Жизақ, Хиуа және Ташкент сияқты бес тарихи орынында өтті. Ауқымды шараның бағдарламасына жастар форумы, мәнерлеп оқу, университет көрмесі, фотогалерея, мәдени шерулер, спорттық турнирлер, КТА ойындары кірді.
Сонымен қатар Фестиваль аясында ТМД елдері кәсіпкерлерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция мен бизнес-марафон өтті.