Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ұлытау облысында дәстүрлі «Көкмайса-2024» этно-фестивалі өтті

Ұлытау облысында дәстүрлі «Көкмайса-2024» этно-фестивалі өтті

Ұлытау облысында дәстүрлі «Көкмайса-2024» этно-фестивалі өтті. 9-шы мәрте ұйымдастырылған шарада ұлттық ойындарымыз ұлықталды.
Бұл шараның ел арасындағы негізгі атауы «Қымызмұрындық». Жер аяғы кеңіп, желіні толған биелердің желіге байланған уақыты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Қымызмұрындық өңірдің асыға күтетін мерекесіне айналған. Биыл да 11 киіз үй тігіліп, жиналған жұртшылық түрлі ұлттық ойындарды тамашалады.
Дүбірлі доданың басты ерекшелігі ұмытыла бастаған қолөнердің қолға алынғаны, зерек ұлттың зергерлік өнері қайта жаңғырғаны. Киіз басу, ши тоқу, арқан есу, қамшы өру, домбыра жасау және қымыз ашытудың үлгілері көрсетілді.
Қайта жаңғырып келе жатқан мереке бүгінде Ақмола, Павлодар облыстарымен, Қарағанды қаласында да аталып өтті. Жылдан жылға ауқымы кеңейіп, ұмыт болған ұлт құндылықтары елге дәріптелді.