Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматы музейінде Сеул тарихын бейнелейтін көрме ашылды

Алматы музейінде Сеул тарихын бейнелейтін көрме ашылды

Қазақстанда алғаш рет Сеул тарихы музейінің коллекциясынан 100-ден астам бірегей экспонат қойылды. Бұл экспонаттардың барлығы Алматы музейіне келушілердің назарына «Сеул ғажайыптары» көрмесінде ұсынылды
Экспонаттар Корея Республикасының тарихын, мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді. Одан бөлек, көрмеге келушілер XIV ғасырдан XIX ғасырға дейін Корея елін басқарған Чосон әулетінің киімдері мен аксессуарларын, тұрмыстық заттарын, тарихи құжаттары мен үйіндегі интерьерін көре алады.
Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ель мемлекеттік сапармен келген болатын. «Сеул ғажайыптары» көрмесі екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында ұйымдастырылған алғашқы бірлескен мәдени жоба болып табылады.
Көрме алматылықтар мен қала қонақтары үшін тамыз айының 20-на дейін жалғасады.