Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Словениялық көрермен «Астана Опера» әртістерінің өнерін тамашалады

Словениялық көрермен «Астана Опера» әртістерінің өнерін тамашалады

«Астана Опера» балет труппасы Люблянадағы 72-ші Халықаралық жазғы фестивальде «Спартак» қойылымын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Цанкарьев дом» мәдени орталығының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Адамжан, Мәдина Өнербаева, Әйгерім Бекетаева өнер көрсетті. Арман Оразов Красстың рөлін, ал Серік Нақыспеков Гладиаторды сомдады.
Қойылымды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен Словен филармониялық оркестрі мен әйелдер хоры сүйемелдеді.
Люблянадағы халықаралық жазғы фестивальге жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті әртістер мен ұжымдар қатысады. Аталмыш фестиваль – Еуропадағы ең беделді мәдени іс-шара. Аталмыш фестивальде театрдың XI театр маусымын аяқтайтын «Астана Опера» балет труппасының екінші және қорытынды қойылымы өтті.