Қарағандыдағы домбырашылардың басын қосатын флешмоб

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Қарағандыдағы орталық саябақтың жағалауында 7 шілдеде 500 домбырашы бір мезгілде Түркештің "Көңілашар", Құрманғазының "Сарыарқа" және "Балбырауын" күйлерін шертеді.
Флешмобты Тәттімбет Қазанғапұлының "Сарыжайлау" шығармасымен Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі ашады. Оған домбыра шерте алатындардың бәрі қосыла алады. Флешмоб Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі