Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыдағы Қуыршақ театры Канаданы бағындыруға аттанды

Алматыдағы Қуыршақ театры Канаданы бағындыруға аттанды

Мемлекеттік қуыршақ театрының әртістері Канада көрермендеріне «Ромео және Джульетта» қойылымын ұсынады. 88-ші театр маусымын аяқтаған театр ұжымы Оттавада өтетін The First international Ottawa Puppet фестиваліне қатысып жатыр.
Канадалық фестивальге қатысу үшін Қуыршақ театры өзінің репертуарынан «Ромео мен Джульетта» спектаклін таңдады, оның режиссері – Дина Жұмабаева. Шығармашылық топтың шеберлігі мен біліктілігінің арқасында дәл осы қойылым бұған дейін де беделді республикалық және халықаралық фестивальдарда көптеген марапатқа  ие болды. Мәселен, Болгарияда өткен  «Алтын дельфин»  Халықаралық театр фестивалінде «Гран-При», «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік дебют» сыйлықтарын және «Сын - шын болсын» республикалық театр фестивалінде «Гран-При» жеңіп алған еді.
Айта кетейік, Қуыршақ театры –  канадалық көрермендер алдында өнер көрсететін Қазақстанның алғашқы театры.