Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қытайда Қазақстан туризмі туралы түсірілген деректі фильм көрсетіледі

Қытайда Қазақстан туризмі туралы түсірілген деректі фильм көрсетіледі

Қытайлық медиакорпорация өз көрермендеріне Қазақстан туризмі туралы түсірілген деректі фильмін көрсетеді. Қазақ даласының тамылжыған табиғаты жайлы туынды аспан асты еліне бүгінен бастап жол тартады. Сондай-ақ China Media Group пен Хабар агенттігі фильмді қазақстандық аудиторияға тарату туралы келісімге келді. Бұл туралы бүгін екі ел арасындағы «Тату көршілік байланыстың жаңа бастамасы» іс-шарасында айтылды. Таулары аспанмен таласқан алып Алматы, ондағы Үлкен Алматы көлі, қызғылт құм, алып аңғар – Шарын шатқалы, Тянь-Шань бөктерінде орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы, тарихы терең Түркістан мен әсем қала Астана. Аспан асты елінің алып медиакорпорациясы түсрілім жұмыстарын дәл осы жерлерде жасағаны тегін емес. Бұл Қазақстан туризмінің қайнар көзіне айналған аймақтарының бірі. Деректі фильмде бұл орындардың көз жауын алатын көрінісінен бөлек, екі ел арасындағы қатынасты нығайтудың маңыздылығы айтылады.