Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылды

Астанада мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылды

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Президент орталығында өткенбейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, „Достық жолы“ хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған».
Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.
Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.