Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Dombyra Party Көктөбеде»

«Dombyra Party Көктөбеде»

Көк Төбе саябағының алаңында 7 шілдеде  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Ұлттық домбыра күнінеарналған «Dombyra Party Көктөбеде» мерекелік шарасы өтеді. Қала қонақтарымен тұрғындарына Бұл мерекелік шарада халқымыздың бай музыкалық өнерімен жақын танысуға, домбыра аспабынан төгілетін ұлттық әуеннің шеберлікпен орындалуын тамашалауға бірегей мүмкіндік болады.
Айта кетейік, ұлттық домбыра күні жыл сайын елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіліп, бұл шара елдің мәдени мұрасындағы маңыздылығы мен мәнін айшықтайды. Домбыра – қазақ музыкалық дәстүрінің символы, халықтың даналығы мен жан тебіренісін жеткізетін киелі аспап.
Концерт бағдарламасында күй шашу және қазіргі заман композиторларының шығармалары, сондай-ақ, еліміздің ең үздік оркестрлерінің бірі орындайтын ұлттық әуендер шырқалады. Сонымен қатар, мәдени шарада еліміздегі домбыра жасау шебері Жолаушы Тұрдығұловтың домбырасы көрермен арасында ойнатылады.