Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыдағы Бақтыбек Талқанбаевтың «Жаңа дәуір» жеке мерейтойлық көрмесі

Алматыдағы Бақтыбек Талқанбаевтың «Жаңа дәуір» жеке мерейтойлық көрмесі

Әбілхан  Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Бақтыбек Талқанбаевтың «Жаңа дәуір» жеке мерейтойлық көрмесі ашылды. Көрмеде суретшінің 80-нен  астам көркем туындылары ұсынылған.
Бақтыбек Талқанбаев ЮНЕСКО халықаралық стандарттары бойынша ғылым және өнер докторы, ҚР Мәдениет қайраткері, бейнелеу өнерін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін әлемдегі 34-ші LEONARDO DA VINCI медалінің иегері, Арт-терапия профессоры, энерго-терапевт, емші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, ақын.
Суретшінің кескіндемелік кенептері – бұл жай ғана сәндік композициялар емес. Бұл белгілер – адам санасындағы оның психикасы мен эмоциясын, оның өзіндік ішкі «Мен» деген сезімін, Жоғары сананың энергетикалық күшімен байланыстыратын символдар, суретші бұл белгілердің шығармашылық процесте де, қарапайым өмірлік құбылыстарда да Жаратушыдан келгенін сезінеді. Экспозиция  шілде айының 30-на дейін жалғасады.