Түркістанда Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті
Түркістанда Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті.
Өнер сайысы қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнері кеңінен насихатталып, талантты күйшілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Көпке танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық еткен байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші қатысты. Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынап, Сүгір Әлиұлының күйлерін шертті. Сондай-ақ, Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй тартты. Ал екінші кезеңде «Шалқыма», «Майра», «Ақсақ құлан» және «Хамаң толғауы» сияқты танымал күйлерді қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен орындап шықты. Байқау нәтижесі бойынша Түркістан облысының күйшісі Ернар Сәтім жеңімпаз атанса, Шығыс Қазақстан облысынан келген Аяна Сатаева бірінші орынға ие болды.