Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматының қуыршақ театры Канадада гран-при жеңіп алды

Алматының қуыршақ театры Канадада гран-при жеңіп алды

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Оттава қаласында өткен І-ші Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестивалінде «Ромео мен Джульетта» қойылымы үшін Гран-При жүлдесіне ие болды.
Канада мемлекетінің астанасы Оттава қаласында тұңғыш рет І-ші Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестивалі өткізілді. Халықаралық шығармашылық пен ынтымақтастықты көздеген мәдени іс-шараға еліміздің көк туын ұстап шыққан алғашқы қазақстандық өнер өрдасы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры болды. Отандық театрдың шығармашылық ұжымы фестиваль аясында канадалық көрермендердің назарына өз репертуарындағы ерекше қойылымдардың бірі, ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің әйгілі трагедиясы желісімен сахналанған «Ромео мен Джульетта» спектаклін ұсынды.
Айта кетейік, қуыршақ театрының репертуарындағы «Ромео мен Джульетта» спектаклі 2019 жылы белгілі режиссер Дина Жұмабаеваның жетекшілігімен жарыққа шыққан. 2022 жылы аталмыш спектакль Болгария Республикасы Варна қаласында өткен халықаралық «Алтын дельфин» қуыршақ театрлар фестивалінде үздік деп танылып, ал оған дейін 2021 жылы Қарағанды қаласында өткізілген Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын» республикалық театрлар фестивалінде І-ші орынды жеңіп алған.