Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ескі ән-күйлерді қамтитын аудиожинақ шығарады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ескі ән-күйлерді қамтитын аудиожинақ шығарады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ескі ән-күйлерді қамтитын «Асыл мұра» аудиожинағын әзірлеп жатыр.
Аталған телерадиокорпорацияның мәліметінше, бұл жинаққа бұрын жарыққа шықпаған, «Алтын қорда» сақталған 1 000-нан астам шығарма енбек.
Аудиокітап «Күйлер», «Жыр-термелер», «Халық және халық композиторларының әндері», «Ертегілер», «Бесік жыры» және «Ретро әндер» бөлімдерінен тұрады. Мысалы, жинаққа күй анасы Дина Нұрпейісованың өз орындауындағы күйлер кірсе, «Халық және халық композиторларының әндері» бөлімінде Әміре Қашаубаевтың өз аузынан 1925 жылы жазып алынған «Балқадиша» әні бар.
Жобаның ерекшелігі, барлық аудиофайл Spotify, iTunes, Yandex Music секілді əлемдік платформаларға және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына жүктеледі.