Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстандық бишілер «Dream Dance Fest» байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық бишілер «Dream Dance Fest» байқауында жеңіске жетті

«Витебсктегі славян базары» жарысы аясында өткен халықаралық Dream Dance Fest байқауында қазақстандық «Жас өркен» би ансамблі 1-орынға ие болды.
Халықаралық би жарысы Беларусь елінің Витебск қаласында өткен. «Жас өркен» жетекшісі Аида Келгенбаеваның айтуынша, қазақстандық биші қыздар 20 шақты команданы артта қалдырып, 1-орынды жеңіп алған. Ал Гран-При жүлдесі Беларус елінің ұжымына берілген.
Аталмыш ұжым Беларусь елінде аққу биін орындап,. «Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің «Көркем саз» деген әуеніне би қойған.
«Осы би арқылы қазақ қыздарының нәзіктігін, қарапайымдылығын, сыпайлығын көрсеткіміз келді. Сол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Өте әсерлі қойылым болды. Сол жақтың әділқазылары, көрермендері қазақтың киімдеріне, биіне тәнті болды, — деп атап өтті ұжымның көркемдік жетекшісі Аида Келгенбаева