Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Шілденің кешіндегі сүйікті музыка

Шілденің кешіндегі сүйікті музыка

Елордалық тыңдармандарды «Астана Опера» театры әртістерінің орындауында  К.Байсейітова атындағы  Камералық залда тамаша  концерттік  бағдарламалар күтеді.  Нәзік флейта, кербез әрі әсем  фортепианоның керемет сазы, тенор мен сопраноның құстай қалықтаған дауыстары  «Шілде кешіндегі музыка» концертінде шырқалады.
Сонымен, 17 шілдеде «Астана Опера» солистері Ұлпан Әубәкірова мен Саян Исин және театрдың аспапшылары – флейташы Балжан Сапарова мен пианист Гульшан Конушева көпшілікке «Шілде кешіндегі музыканы» ұсынады.
Аталмыш бағдарламада түрлі дәуірлер мен стильдерге жататын музыкалық туындылар ұсынылады.