Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ақтаудағы NIS оқушылары ұшақта «Адай» күйін орындады

Ақтаудағы NIS оқушылары ұшақта «Адай» күйін орындады

Ақтаудағы NIS оқушылары Ақтау-Баку бағытындағы ұшақта «Адай» күйін орындады.
Олар Баку қаласында өткен «AZERBAIJAN GRAND FESTIVAL» халықаралық  байқауына қатысты.
Ақтаудағы NIS-тің «Қос перне» домбырашылар ансамблі Әзірбайжан Республикасының қалалары мен  Қазақстанның Астана,Атырау, Ақтау, Алматы қалаларынан келген қатысушыларымен сынға түсіп, ұлттық-аспаптар номинация бойынша I орынға ие болды.
Сондай-ақ, 7 сынып оқушысы Салих Оспан саксофон номинациясы бойынша II орын иегері атанды.