Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Кореяда қазақстандық суретшінің туындылары көрсетілді

Кореяда қазақстандық суретшінің туындылары көрсетілді

Оңтүстік Кореяда астаналық суретші, графикалық дизайнер Бақыт Шөкетаевтың картиналарының көшірмелері көрсетілді. Шебердің туындылары Хангук шет тілдер университеті ұйымдастырған көрмеге қойылды. Оларды осы жоғарғы оқу орнының профессоры Чу Ён Мин Сеулге алып келген. Көрменің мақсаты – жергілікті халықты Еуразия елдерінің мәдениетімен таныстыру. Іс-шара шаһардың танымал тарихи орталығында ХанОк деп аталатын дәстүрлі корей үйінде өтіп жатыр. Бұл Оңтүстік Корея астанасында Еуразия елдері суретшілерінің жұмыстарының алғашқы көрмесі. Ұйымдастырушылар іс-шараны жыл сайын өткізуге ниетті.