Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде "Бауырына салу" фильмі көрерменге жол тартты

Елімізде

Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген "Бауырына салу" фильмі прокатқа шықты. Айта кетейік, Асхат Кучинчирековтің алғашқы режиссерлік жұмысы бірнеше фестивальде топ жарды.
Фильм әжесінің қолында өскен жеткіншектің оқиғасын баяндайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ата-анасына оралуға және оған бөтен адамдармен жаңа ортада қарым-қатынас құруға мәжбүр болады. Режиссердің айтуынша, бұл туынды – қазақ халқының салт-дәстүріне деген ерекше құрмет.
Асхат Кучинчирековтің өзі бұл жобада режиссер, сценарист және продюсер ретінде жұмыс істеді. Еске сала кетейік, фильмнің тұсаукесері Испаниядағы "Сан-Себастьян" кинофестивалінде өткен болатын. Онда фильм Asia-Pacific Film Awards номинациясында "Үздік жастар фильмі" ретінде марапатталған болатын.