Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Теміртауда ерекше көрме ашылды

Теміртауда ерекше көрме ашылды

Металлургтер күні қарсаңында Теміртаудағы тарихи-өлкетану музейінде «Қала ішіндегі қала» ерекше көрмесі ұйымдастырылды.  Мұнда Қазақстан магниткасының шежіресі, комбинат құрылымы, ондағы өндіріс цехтары туралы мол мағлұмат алуға болады. Барлық құнды құжат, жәдігерлер мен суреттер экспозиция мазмұнын аша түсу үшін ерекше стильде қойылған. Металлургиялық комбинат өндірісі 7 үлкен цехтан тұрады.
Айта кетейік, көрмені дайындау үшін музейдің ғылыми қызметкерлері 1 жыл бойы ізденген. Олар зауыт басына барып, металлургтермен, қаланың байырғы тұрғындарымен кездескен. Мұнда әр цехтың тарихына қатысты құнды деректерді, жәдігерлерді көруге болады. Мысалы Теміртау еліміздегі қара метллургияның отаны саналады. Музей қызметкерлерінің айтуынша, оның нақты дәлелі мына көнекөз жәдігерлер.