Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Рухани қазына -2024» фестивалі

«Рухани қазына -2024» фестивалі

Елімізде «Рухани қазына -2024» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты – мұражайлар, кітапханалар мен мәдени-демалыс ұйымдары арасында тәжірибе алмасу, халық мәдениетін насихаттау және облыстық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және ағарту тәжірибесін тарату. Қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту. Байқауда ұйымдар арасында 10 номинация бойынша жеңімпаздар, мәдениет қызметкерлері арасында 9 номинация бойынша үздіктер анықталады. Фестиваль ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.