Шоқан Уәлиханов туралы мультфильм жарық көрді

Елімізде тұңғыш рет этнограф-ғалым, шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың шығармашылығын насихаттау мақсатында фэнтези жанрында мультфильм жарық көреді. Мұны жас көрерменер енді 3Д форматында тамашалай алады. Шоқанның шытырманға толы Қашқарияға сапары қыркүйек айында көгілдір экран арқылы көрсетіле бастайды. Астаналық Рамазан Еркінбек екі жылдан бері қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ол бала күнінен жақсы бір дүниелерді ойлап табуға машықтанған. Қазір замандастарына тарихи тұлғалардың өмірбаянын насихаттап жүр. Жас белсенді жуырда көрерменге жол тартатын Шоқан Уәлиханов туралы мультфильмге де өз үлесін қосқан.
Жоба жетекшісінің айтуынша Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жылдығына орай келесі жылы балаларға арналған толықметражды фильм дайындалады. Бұл да көрермендердің қызығушылығын тудырады деп отыр.