Кореялық би тобы елордаға гастрольмен келеді
Кореяның заманауи би ұлттық компаниясы (Сеул) Корея Республикасы Елшілігі Корей мәдени орталығының қолдауымен 10 тамызда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында «Джунгли» хореографиялық туындысын ұсынады. Көрермендер бірегей әрі терең эмоциялық корей хореография өнерін елордада жиі тамашалай бермейтіндіктен, бұл оқиға қазірдің өзінде көпшіліктің назарына ілікті.
Корея заманауи би ұлттық компаниясының негізі 2010 жылы қаланған. Труппа біртуар суретшілермен бірлесіп жасаған үздік қойылымдарымен танымал. Ұжымның негізгі мақсаты – Кореяның қазіргі өмірі мен қоғамын бейнелейтін туындылар жасау, оларды мәдени кодына қарамастан дүние жүзі көрермендеріне түсінікті ету және маңыздылығын арттыру.
Қазақстандық көрермендер үшін кореялық труппа Ким Сонëн қойған «Джунгли» хореографиялық туындысын дайындады. Бұл спектакль ағымдағы жылы сәуірде Сеулдегі CJ Towol арт-орталығының сахнасында алғаш рет орындалды.