«Бразилия ырғағы»: Босса-нова және самба әлеміне саяхат
24 тамыз «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залында «Бразилия ырғағы» қызықты концерті өтеді. Басты рөлде — Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де танымал дарынды әнші әрі гитарашы Полина Ханым.
Онымен бірге сахнаға саксофоншы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Рузвельт университетінің джаз және заманауи музыка факультетінің, сондай-ақ Италияның Матера қаласындағы Дуни атындағы консерваторияның 2012-2013 жылдардағы түлегі Ақжол Исин мен перкуссионист, әрбір өнер көрсетуіне айрықша ырғақты кескін қосатын перкуссия шебері Дмитрий Староверов сынды тамаша музыканттар шығады.
–Босса-нова Қазақстанда сирек орындалады. Бұл концерт бразилиялық музыканы түпнұсқа күйінде, яғни акустикалық гитараның сүйемелдеуінде, таза португал тілінде тыңдаудың сирек мүмкіндіктерінің бірі деп атап өтті Полина Ханым.
Осынау кеште көрермендер таңдаулы әуендер мен шебер орындаудан ләззат алып, алыстағы ыстық Бразилияның атмосферасын сезіне алады