Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Самарқанда «Шығыс әуендері» Халықаралық музыка фестивалі өтті

Самарқанда «Шығыс әуендері» Халықаралық музыка фестивалі өтті

«Шығыс әуендері». Осындай атаумен Өзбекстанның Самарқан қаласында ауқымды өнер мерекесі өтті. Халықаралық музыка фестивалі бес жылдық үзілістен соң қайта жалғасып отыр. Бұл шараға әлемнің 80-ге жуық елінен мыңдаған өнерпаз келген. Арасында қазақстандық дәстүрлі әншілер де болды.
Алғаш рет 1997 жылы өткен өнер фестиваліне 30-дан астам елдің өкілі қатысқан екен. Содан бері әр екі жыл сайын өткізіліп келген халықаралық шараны ұйымдастыру пандемияға байланысты соңғы жылдары үзіліп қалған еді. Биыл шымылдығын қайта түрді.
Осыдан 27 жыл бұрын ауқымды байқауға тұңғыш рет біздің елімізден танымал әнші Рамазан Стамғазиев қатысып, жүлделі орыннан көрінген. Ал биылғы мерекеге батыс ән мектебінің көрнекті өкілдері Мұхит Мералыұлы мен Ғариолла Құрманғалиевтың ізбасарлары арнайы келген.
Фестиваль аясында «Шығыс халықтарының музыкалық мәдениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылған. Оның жұмысына 32 елден фольклортанушылар мен мәдениет саласының мамандары, ғалымдар қатысты.