Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астанада Сальвадор Далидің көрмесі өтіп жатыр

Астанада Сальвадор Далидің көрмесі өтіп жатыр

Атақты суретші Сальвадор Далидің 61 еңбегі елордаға жеткізілді. Көрме Хас санат галереясында өтіп жатыр. Экспозиция құрамына «Кармен», «Алиса ғажайыптар елінде», «Далиниан жылқылары», «Махаббат трилогиясы» серияларынан бірнеше көркем суреттер енген. Дали жылқыларды қатты ұнатса керек, көп бейнелеген екен. Ерекше есімде қалғаны осы болды. Бәлкім оның бұл қырын жылқы жануарын қадірлеген қазақ халқына ұқсаттым ба екен. Олардың барлығы жеке коллекционерлердің қорынан алынғанын айта кетейін. Сальвадор Дали – бейнелеу өнеріне төтенше құбылыс болып енген тұлға. Ол салған суреттерге қарап, құдды шығарма оқып жатқандай күй кешесіз. Бір қарағанда көзге оғаш болып көрінгенмен, түйіні терең, адам ойына орала бермейтін бейнелер. Атақты қылқалам шебері сонысымен талайды ынтық қылады. Оның дарынына табынушылар әлемнің әр түкпірінде кездеседі. Бұл таңғажайып өнер туындылары енді астана тұрғындары мен қонақтары үшін де қолжетімді.
Астанада аталмыш көрме Хас санат өнер галереясында ай соңына дейін жалғаспақ.