Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Бабалар аманаты» жинағының тұсаукесері өтті

Алматыда «Бабалар аманаты» жинағының тұсаукесері өтті

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Бабалар аманаты» жинағының тұсаукесері болды. Алтыншы кітап көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналды. Жинаққа белгілі суретшілер мен көркем еңбек пәні ұстаздарының, жас қылқалам шеберлернің  туындылары топтастырылған. Шығармаларда жазушы бейнесі, ұлы тұлғаларымыздың арман аңсары, салт-дәстүрімізді мұрат тұтқан бұқара халық болмысы, махаббат пен сүйіспеншілік тақырыбы арқау болған. Кітап төрт тілде басылды. Құрастырушысы Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Қанағат Қалиұлы. Жазушының мерейтойына орай жыл соңына дейін ЮНЕСКО көлемінде бірқатар халықаралық мәдени іс-шаралар өтеді.