Алматыдағы Серікқали Көкеновтың «Жаңғырту» жеке көрмесі
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі зергер, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Серікқали Көкеновтың «Жаңғырту» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Серікқали Көкенов көне әдіс-тәсілдерді қайта жаңғыртып заманауи дем беруші шебер.
Көрме зергердің шығармашылығының кейінгі кезеңіндегі жұмыстарынан құралған. Экпозицияда 150-ден астам зергерлік бұйымдар, 6 панно және 10 мүсіндік туындылары таныстырылады. Біраз бөлігі жиынтықты бүртіктеу және сіркелеу әдістерімен орнындалған дәстүрлі әшекей бұйымдардан тұрады. Ал қалған жұмыстары көрікті жерлерді сипаттау, ұлттық құндылықтарды баяндау және түрлі тақырыптарда орындалған. Әр бұйымның жасалу әдіс-тәсілдері ұқсас болғанымен, пішіндері мен тақырыптық мағыналары бөлек. Әшекейлердің бірнеше түрлерін ұштастыру арқылы ізденістік шығармалары да кездеседі.
Серікқали Байғалиұлының бойындағы ұлттық құндылықтарға деген махаббат шеберді дәстүрлі зергерлік мектепттің негізгі мұрагерлерінің біріне айналдырды