Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Корей кескіндемесіне арналған көрме

Корей кескіндемесіне арналған көрме

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде корей халқының бейнелеу өнерінен сыр шертетін көрме ашылды. Үздік кескіндемелерден тұратын өнер жәрмеңкесі Корей Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен және Корей халық өнері мектебімен бірлесе ұйымдастырылған.
Сондай-ақ Корей Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Пак Нэчхон мәдени шаралар қос ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айта келіп, көрмені ұйымдастыруға күш-жігер жұмсаған жандарға алғыс білдірді.
«Чэккори» көрмесі – корей елінің дәстүрлі «Минхва» өнерімен және оның бірегей стилімен танысуға мүмкіндік береді. Көрменің ашылуында  «Минхва» халық өнері мектебінің директоры Чон Бён Мо «Чэккори» көрмесінің маңызы және қазіргі мәдениеттегі дәстүрлі «Минхва» стилінің танымалдығы туралы баяндады.
Көрменің салтанатты ашылуында «Намсон» дәстүрлі корей өнері студиясының әртістері мен Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері өнер көрсетті.