Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Абай музейі халықаралық марапатқа ие болды

Абай музейі халықаралық марапатқа ие болды

Биылғы жылы Мысыр Үкіметі басшысының бастамасымен Каирде ХІ халықаралық дәстүрлі өнер және поэзия фестивалі өтті.
Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдени шараға Қытай, Үндістан, Оңтүстік Судан, Палестина, Жапония, Колумбия мемлекеттерімен қатар Мысыр елінің отыздан астам шығармашылық өнер ұжымдары қатысқан.
Арнайы комиссия шешімімен Абайдың шығармашылық мұрасы (өлеңдері мен қарасөздері) «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығына лайық деп танылды.
Марапаттың ескерткіш сыйлығы мен куәлігі Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігіне салтанатты түрде табыс етілген.
Мысыр елі жолдаған осы марапатты музейге Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы тапсырды.