Алматыда Kitap Fest кезінде 50-ге жуық жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Алматы мәдениет басқармасы және қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «BAURZHAN Foundation» қоры ұйымдастырған Kitap Fest Almaty кітап фестивалі өзінің он жылдығын атап өтті.
Фестиваль қала күні қарсаңында мегаполистің ең ірі мәдени іс-шараларының біріне айналды.
Фестивальдің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбектің айтуынша, Kitap Fest Almaty кітапқа деген сүйіспеншіліктің символына айналды.
Сондай ақ аталмыш шараға 70-тен астам кітап дүкені мен баспалар қатысты және 50-ге жуық жаңа кітаптың тұсауы кесілді.