Алматыда Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымы ашылды
«Almaty Theatre» театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-маусымының шымылдығы түрілді. Театарда маусымашар қойылым ретінде Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды.
Маусымашарға арналған баспасөз мәслихатында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімов өз тілегін білдірді.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек театр ғимаратының екі жылға жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын айтты.
Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы-режиссер Әлімбек Оразбеков кітабының тұсаукесері өтті.