Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ұлыбританияда зағип бала топ жарды

Ұлыбританияда зағип бала топ жарды

Лондонда өткен халықаралық өнер додасында туа бітті зағип, бірінші топтағы мүгедек бала қазақстандық композиторлардың шығармаларын фортепианода орындап, топ жарды. 
Астанадағы музыкалық мектепте фортепиано класы бойынша қосымша білім алатын Абылай, бірінші топтағы көз мүгедегі болса да, мүмкіндігінің шектеусіз екенін дәлелдеп, халықаралық өнер додасында бас жүлдеге ие болды.
Бұл байқауда алматылық суретші Әсемгүл Сүлейменова да "Қазақ қызы" суретімен бас жүлдені қанжығалады.
Өнер бәйгесінде бақ сынағандардың 30 пайызы отандастарымыз. Олар ұлттық өнерімізді паш етіп, қазақ күйін күмбірлетті. Байқауға қазақстандық балалармен қатар кәсіпқой музыканттар да қатысты.
Төртінші жыл қатарынан өтіп жатқан халықаралық байқау “Алтын уақыттың дарыны” деп аталады. Биыл оған онлайн іріктеуден өткен 25 елдің өкілі қатысты.