Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Халықаралық қуыршақтар фестивалінде Гран-при жеңіп алды

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Халықаралық қуыршақтар фестивалінде Гран-при жеңіп алды

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ресейден олжалы оралды. Ұжым І «Станислав Железкин атындағы сыйлық» халықаралық қуыршақтар фестиваліне қатысты. Екі маңызды іс-шара қатар өтті. Бірі – «Чаепитие в Мытищах» фестивлі және 2019 жылы қалалық округ әкімшілігі құрған Ресейдің Халық әртісі Станислав Железкин атындағы театр сыйлығы берілетін фестиваль ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде әлемнің түкпір-түкпірінен келген театрлардан 68 өтінім келіп түскен. Олардың тек 12-сі екінші кезеңде өнер көрсетті. Маңғыстау театры осы іріктеуден өткендердің бірі болды.
Фестивальға репертуардағы үздік спектакльдердің бірі, бас режиссер Н.Насырованың «Бабалар жері» спектаклі ұсынылды. Бұл спектакльде актер Ержан Биғашев барлық рөлдерді өзі сомдайды. Қойылым қазақтың ұлттық философиясының тереңдігін жеткізіп, қазылар алқасын ерекше энергиясымен баурап алды және фестивальдің басты марапаты — «Үздік шетелдік спектакль» номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды.
Айта кетейік, «Бабалар жері» спектаклі бірнеше рет халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған.