Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Биыл «Абай» операсының алғаш сахналанғанына 80 жыл

Биыл «Абай» операсының алғаш сахналанғанына 80 жыл

Биыл «Абай» операсының алғаш сахналанғанына 80 жыл толып отыр.
Тоғыз жыл бұрын Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің шығармасы «Астана Опера» сахнасында жаңа редакцияда қойылды.
Қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ахмет Жұбановтың немересі – Алан Бөрібаев.
Қойылымда Бөрібаевпен бірге итальяндық режиссер Джанкарло дель Монако, кеңесші режиссер Есмұхан Обаев, бас хормейстер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, сондай-ақ көрнекті сценограф Эцио Фриджерио және костюмер бойынша суретші «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино жұмыс істеген.
«Абай» операсы әлемдік деңгейдегі сахналарды бағындырып, қазақ музыкасының мақтанышына айналды.
Айте кетейік, «Абай» қойылымы тек махаббат, жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан дүниесінің алуандығы мен тереңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын көрерменге паш ететін туынды.