Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымы» өзгеше нұсқада орындалды
Алғаш рет «Ерке сылқым» күйі фортепиано мен виолончельде орындалды. «Астана Опера» театрында Мұса Керімбаевтың авторлық өңдеуіндегі Әбдімомын Желдібаевтың композициясын ұсынды. Сондай-ақ пианист Анар Камелиновамен бірігіп, қазақ және шетел классиктерінің шығармаларын орындады. Кеш қонақтары Франц Шуберттің «Арпеджион» сонатасын, Сергей Рахманиновтың «Ария» пьесасын да тамашалады. Концертке шетелдік қонақтар да арнайы келіпті.