Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының 89-шы жаңа маусымы ашылды

Алматыда Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының 89-шы жаңа маусымының ашылуына арналған концерті өтті.
Капелланың Көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Бейімбет Демеуов.
Биыл Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының құрылғанына 89 жыл толып отыр. Осы жылдар да, қазір де ұжым өзінің шығармаларын жаңартып, еліміздің музыка мәдениетінің дамуы жолында өз үлесін қосып, тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.
Кеште Қазақстанның халық артистары – Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев қонақ болып, өз өнерлерін паш етті. Сондай ақ бағдарламада қазақ және шетел композиторларының шығармалары орындалды.