Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдени күндері басталды

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдени күндері басталды

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мәдени күндері басталды
Ашхабад тұрғындары мен қонақтары осы күндері қазақ кинематографиясымен, музыка өнері және ұлттық дәстүрлерімен терең танысып жатыр.
Қазақстан киносы күндерінің ашылуы режиссер А. Сатаевтың қазақ хандары туралы сыр шертетін «Ұлы дала таңы» атты тарихи туындысымен басталды. Сонымен қатар, түрікмен жұртшылығына «Паралимпиадашы» фильмі де жол тартты.
Сондай ақ Түрікменстан мемлекеттік мәдени орталығының Мукамов сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «Сарыарқа» гастрольдік концерті өтіп, «Түрікменстан» киноконцерт залында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Saz&Soul: Шекарасыз әуендер» атты гастрольдік концерті ұйымдастырылады.
Негізгі іс-шара 9-шы қазан күні Түрікменстан мемлекеттік мәдени орталығының Мукамов сарайында жоспарланған. Бұл күні екі ел Министрлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мәдениет күндерінің жабылу салтанаты аясында қазақстандық өнер майталмандарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.
Сонымен қатар ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі 10 қазанда Ашхабад қаласындағы «Лачын» саябағында өтеді.