Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда дирижерлар шеруі өтті

Алматыда дирижерлар шеруі өтті

Алматыда дирижерлар шеруі өтті. Шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Концертте Өзбекстан мен Қырғызстанның халық әртістері және елімізге белгілі өнер қайраткерлері сахнада өнер көрсетті. Шара аясында келушілерге оркестрдің қалыптасу кезеңінен мағлұмат беретін құнды жәдігерлер топтамасы көрсетілді. Шығармашылық ұжым биыл мерейтойға орай алыс-жақын шетелдер мен еліміздің барлық өңірін гастрольдік сапармен аралауды жоспарлап отыр.