Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ақтауда республикалық суретшілер симпозиумы өтіп жатыр

Ақтауда республикалық суретшілер симпозиумы өтіп жатыр

Ақтауда «Әбіш әлемі - суретшілер көзімен» республикалық суретшілер симпозиумы басталды.
Шара Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығы аясында өтуде. Оған Алматы, Астана, Талдықорған, Орал, Ақтөбе қалаларының суретшілері мен Маңғыстаудың қылқалам шеберлері қатысуда.
Симпозиум Ә.Кекілбайұлының шығармаларын насихаттап, дарынды шығармашыл тұлғалармен тәжірибе бөлісу мақсатында ұйымдастырылған. Қатысушылар автордың шығармаларынан композициялық жұмыстар орындайды. Суретшілердің туындылары 11 қазан күні облыстық әмбебап кітапханада көрмеге қойылады.